Қазақстандық Air Astana авиакомпаниясы Бакуға ұшатын және ұшып келе жатқан жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады
Мәліметке сүйенсек, Баку қаласында СОР29 Конференциясы ұйымдастырылып жатқандықтан Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежай жолаушыларды жайлы әрі қауіпсіз сапармен қамтамасыз ету үшін жұмыс кестесіне өзгеріс енгізеді.
"10-22 қараша аралығындағы сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. 10-14 қараша аралығында 1 және 2-терминалдарға әубилеттері бар жолаушылар ғана кіре алады. Әуежай алдындағы паркиңге арнайы көлік қана тоқтай алады. COP29 өтетін күндері жолаушылар әуежайға H1 және H2 экспресс-автобустарымен жете алады",- делінген ақпаратта.
Әуежай жолаушылардан көлікке қатысты шектеу болуы мүмкін екенін ескеріп, әуежайға ұшардан кем дегенде 3 сағат бұрын келіп, уақытты бос жоғалтып алмау үшін онлайн тіркелу сұралды.
Сурет: Zakon.kz
Related
- Международный аэропорт в Абу-Даби открыл регистрацию пассажиров на рейс в Москву
- "Ньюкасл" разгромил "Карабах" в матче Лиги чемпионов
- Аэропорты Алматы и Астаны парализованы: десятки рейсов задержаны и отменены
- Авиакомпания предупредила о задержках и отмене рейсов
- Прямые авиарейсы запустят из Уральска в Сочи




