Contact Info

img

Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады.


Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері толықтай аяқталды. Қазіргі уақытта тараптардың іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Қорғаушының сөзіне қарағанда, бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың өкілдері қылмыстық істің 1-ден 7-ге дейінгі томдарын мұқият зерделеп, олардың көшірмелерін алған.

"Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, олардың көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат беріліп отырады", – деп жазды.