Қазақстанда жанар-жағармай бағасы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасындағы ең төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігі хабарлады.
Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде АИ-92 бензинінің бағасы Қазақстанға қарағанда 79-139%-ға жоғары деңгейде. Дизель отынының бағасы да 49-57%-ға қымбат.
Global Petrol Prices деректеріне сәйкес, Қазақстанда бензиннің орташа бағасы литріне $0,478 (244,3 теңге) болса, Ресейде – $0,75 (383,3 теңге), Беларусьте – $0,795 (406,3 теңге), Қырғызстанда – $0,844 (431,3 теңге), ал Арменияда – $1,281 (654,6 теңге) болып отыр.
Қазақстандағы бензин бағасы басқа елдерге қарағанда 56,9%-дан 168%-ға дейін төмен.
Дизель отынының бағасы бойынша да Қазақстан көшбасшы: орташа баға литріне $0,567 (289,7 теңге) болса, Беларусьте – $0,795 (406,3 тг), Қырғызстанда – $0,842 (430,3 тг), Ресейде – $0,88 (449,7 тг), Арменияда – $1,281 (654,6 теңге).
Осылайша, дизель отыны бағасының айырмашылығы 40,2%-дан 125,9%-ға дейінгі аралықта қалып отыр.
Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауына жол бермеуді басты міндет қойып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтарды қолдау жалғасады.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында АИ-92 бензинінің бағасы 1-4 теңгеге ғана өсті. Қазіргі уақытта баға өңір мен компанияға байланысты литріне 195-209 теңге аралығында сақталуда.
Жазғы және маусымаралық дизель отынының бағасы 4-8 теңгеге артты, қазіргі бағасы 209-303 теңге аралығында.
Министрлік жанар-жағармай бағасының қалыптасуы зауыттан мұнай базалары мен АЗС-терге жеткізу, сатып алу құны, сондай-ақ, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен бірге, үкімет шекарадағы ағындардың күшеюі, сұр нарықтың кеңеюі және көрші елдердегі баға өзгерістеріне байланысты туындауы мүмкін тәуекелдерге жауап ретінде жоспарланған шараларды қайта қарап, нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті іс-қимылдар қабылдайтынын хабарлады.
Қазіргі уақытта, министрліктің мәліметі бойынша, жағдай тұрақты.
Бұған дейін, LS редакциясы қазақстандық АИ-92 бензині экспортқа жіберіле бастағаны туралы жазған болатын.
Related
- Казахстан продлит запрет на вывоз бензина и дизтоплива
- ABC сообщает: на НПЗ в Джилонге произошел мощный пожар
- "Государство всё-таки будет вмешиваться". Как отреагировали цены на бензин на завершение моратория
- Во Франции цены на бензин выросли до максимума с июля 2022 года
- Calcalist сообщает: бензин в Израиле подорожал на 14,67%





