29 желтоқсанда Jeju Air ұшағы Муан әуежайына қонатын кезде апатқа ұшырады.
" Оңтүстік Корея билігі жариялаған алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болмаған", — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ұшақ бортында 181 адам болған. Болжам бойынша, ұшақтың артында отырған жолаушы мен экипаж мүшесі ғана аман қалған. Жергілікті билік 62 адамның өлгенін ресми растады, бірақ құтқарылғандардан басқасының бәрі өлген болуы мүмкін деп ескертті.
Алдын ала мәлімет бойынш, ұшақ құспен соқтығысқан. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сурет: yonhap