Contact Info

img

Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөлікті анықтады.

Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Құқықбұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және жол қозғалысы ережелерін орындаудың маңыздылығын есте сақтауға шақырады.